02.04.2023
  180


Автор: 365 күн

30 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1883 жылы чех жазушы-сатиригі, анархист, драматург, фельетонист, журналист, Қызыл Армия комиссары Ярослав Гашек дүниеге келді. 1500-ге жуық әңгіме, фельетон және басқа да туындылардың авторы;

1967 жылы кеңес және Ресей эстрада әншісі, актер, композитор және продюсер Филипп Киркоров дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2008);

1974 жылы Ресей эстрада әншісі және музыкант, тележүргізуші Андрей Губин дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2004);

1982 жылы америкалық актриса Кирстен Данст дүниеге келді ("Вампирмен сұхбат", "Элизабеттаун" фильмдері).

30 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:

1910 жылы кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов дүниеге келді;

1921 жылы балалар жазушысы Мәдіхат Төрежанов дүниеге келді;

1931 жылы техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақ КСР-інің және КСРО-ның еңбек сіңірген энергетигі Кежек Ысқақов дүниеге келді;

1933 жылы жазушы Ақан Нұрманов дүниеге келді;

1941 жылы қоғам қайраткері, сыншы, әдебиеттанушы, теледраматург Сұлтан Оразалы дүниеге келді;

1961 жылы "Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков дүниеге келді;

1979 жылы шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық гроссмейстер, Жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу