02.04.2023
  87


Автор: 365 күн

26 сәуірде әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1921 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон көшелерінде мотоциклдегі полиция патрулі пайда болды;

1966 жылы Ташкентте Рихтер бағамы бойынша қуаты 8 балдық ірі жер сілкінісі болды. Салдарынан қаладағы 236 әкімшілік ғимарат, 700-ге жуық сауда және қоғамдық тамақтану орны, 26 коммуналдық кәсіпорын, 181 оқу орны, 36 мәдени-тұрмыстық мекеме, 185 медициналық және 245 өндірістік ғимарат қирады. 78 мыңға жуық отбасы немесе 300 мың адам баспанасыз қалды;

1986 жылы Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында апат болды;

1977 жылы АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында аты шулы "Студия 54" клубы өз жұмысын бастады;

1999 жылы "Чернобыль" компьютерлік вирусы пайда болды. Кейбір мәліметтер бойынша вирус жарты миллионға жуық компьютерге тараған;

2003 жылы өткен ТМД саммитінде Украина президенті Леонид Кучма ТМД елдеріне 26 сәуірді Халықаралық радиациалық апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау жөніндегі ұсыныс айтты.

26 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды;

1995 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет "Алтын алқа" белгісін табыс етті. Орден мәртебесіне ие "Алтын алқа" белгісі 1993 жылы бекітілді. Ол көпбалалы аналарға беріледі;

1996 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері Шанхай келісіміне қол қойды;

2000 жылы Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өз жұмысын бастады. Оған әлемнің 37 елінен шамамен 500 саяси басшы, беделді кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форумда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан президенттері, Әзербайжанның премьер-министрі сөз сөйледі;

2002 жылы Қазақстан президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 жарлығымен "Ақтау теңіз порты" еркін экономикалық аймағы құрылды;

2015 жылы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті;




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу