Өлеңдер ✍️

  01.04.2023
  190


Автор: Есбол Бозан

Урбан

Мезі болып көліктердің үнінен,
Жата алмадым түнімен.
Ұйқымды ашу үшін, тағыда
Кофенің көмегіне жүгінем.

Ұйқы болмай тағыда,
Жақындадым терезенің алдына.
Бұл қала ұйықтамайды бір сәтке,
Түн көрпесін жамыла.

Тұнық көңіл лайланды,
Сауналарға жезөкшелер байланды.
Көптеген ғимараттар расында,
Тірілердің зиратына айналды.

Халықты капитализм қанады,
Жүрегі адамзаттың жаралы.
Жұлдыздар көрінбейді аспанда,
Түнек басты, түтін басты қаланы.

Маған аян болған іс,
Сағат 03:00,
Менде әлі толғаныс.
Кафелер тоқтатпаған жұмысын,
Жалғасуда көшедегі қозғалыс.

Дыбыстары естіледі атыстың,
Бұл қараңғы көшелері батыстың.
Бір сәтке қалғымайды бұл қала,
Не екенін ұмытасың жатыстың.

Наурыз. 2023 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу