01.04.2023
  93


Автор: Қажылық

Қажылық

Қажылық – қадым заманнан келе жатқан көне ғибадат. Қажылық дегеніміз – Жер бетіндегі ең бірінші тұрғызылған Үйге барып, Алла тағалаға құлшылық ету.
Қажылық – жыл сайын Сауд Арабиясының Мекке шаһарында Зул-хижжа айының 7-13 күндері арасында өтетін діни әдет-ғұрып. Қажылық – Исламның бес қазығының бірі, өмірінде бір рет болса да оны орындауға шамасы жететін мұсылманның парызы.
Мұсылман қажылық жасамастан бұрын мына шарттарды орындай алатынына көзі жету керек:
• Ақыл-есі дұрыс болу. Мәжнүн адамға қажылық жасауға болмайды, ал егер оның ақыл-есі орнына келіп, сау адамдар қатарына қосылса, онда қажылық оның парызына айналады.
• Кәмелетке толу.


Қажыға барып келгенше бала-шағасына жететін қаражаты болу және қажылық жасауға шамасы жететінін сезіну.
• Бар жасаған қиянаттарын мойнына алады. Өзін ренжіткен адамды кешіреді.
• Қажылыққа кететін қаражатына, жол шығынына өкінбейді. Қажылыққа жұмсалатын пұл адал жолмен табылған болу керек.
• Жиналған ақшадан зекет салығы алынады.
Қайыршы, мүсәпірлерге садақа таратады.
Меккеге барып-қайтуға мұсылман адамның шамашарқы жететінін мына үш жағдаймен анықтайды:
а) Денсаулығы жол сапарына, қажылықтың әдетғұрыптарын орындауда төзімді болу керек.
ә) Жол амандығы, яғни сапар шегетін жолда соғыс қаупі, ұры-қарақшылар болмау керек. Егер ондай кауіп-қатерлер байқалса, онда қажылықтан бас тарту күнәға жатпайды. Алайда, мұсылман қауіп-қатерге бас тігіп, қажыға барса, оның қажылығы қабыл болады.
б) Сауд тарапының талабы бойынша қазіргі уақытта қажыға ұшақ не кемемен баруға болады.
Әйел де еркек секілді қажыға барады. Алайда, күйеуге шыққан әйел қажыға барғысы келсе, алдымен күйеуінен рұқсат сұрайды. Егер әйел алғаш рет қажыға барғалы тұрса, онда күйеуі міндетті түрде рұқсат береді. Ал егер әйел адам қажыға екінші рет барғалы тұрса, не бірнеше рет барған болса, онда ол күйеуінің айтқанын тыңдайды. Әйел адам қажыға күйеуіне еріп, не туысқанымен ғана бара алады.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу