Өлеңдер ✍️

  01.04.2023
  241


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Наурыз

Наурыз – іргесі сөгілмеген,


Қаймағы бұзылмаған, бірліктің берекеті.


Қол үзіп қалсақ та, сыр бермей сынақта,


Ырысы төгілмеген қазақтың мерекесі.


    Наурыз - күн мен түннің теңеліп,


    Жаң-дүние тіріліп.


    Арқа басы кеңейіп,


    Аққа аузы тиген күн.


Тіршіліктің жаңарып,


Үміт отын жаққан күн.


Жақсылықтың нышаны,


Жаңа күннің, жаңа жылдың бастауы.


    Ұлыстың ұлы күні құт мереке,


    Ұлылығын бар мұсылман қадыр тұтқан,


    Наурыз шын жүректен құтты болсын,


    Игі істер мен бастамалар сәтті болсын.


Әр бір жылдың дайындаған сыйы бар деп,


Табиғаттың төл перзенті, жақсылыққа үміт артқан.


Бақытты болашаққа,


Басып нық қадам.


     Жана жыл бірлік пенен татулықтың жылы болсын,


     Әр шаңырақ жайқалған гүлдей болсын!


     Бақшаңызда бақыттың гүлі өсіп,


     Үйіңізде әрдайым той тойлансын!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу