01.04.2023
  83


Автор: 365 күн

24 сәуірде әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1800 жылы АҚШ конгресі кітапханасының негізі қаланды;

1833 жылы АҚШ-та газдалған су патенттелді;

1949 жылы Киевте Тарас Шевченко атындағы музей ашылды;  

1964 жылы Копенгагенде Данияның басты ескерткіштерінің бірі  - Су перісінің басы жұлынып тасталды.

24 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының Президенті туралы" жарлығы қабылданып, Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды;

1995 жылы жазушы Қасым Қайсеновке, ардагерлер Алексей Кулаков пен Мурдин Тайповке "Халық қаһарманы" атағы берілді;

1996 жылы Түркияда Абай күндерінің аясында Абайдың шығармашылығына арналған мерекелік шаралар өтті;

2010 жылы Тараздағы Жеңіс саябағына Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді;

2013 жылы Қытайда қазақстандық студенттер қауымдастығы құрылды;

2014 жылы елордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Астана EXPO-2017" көрме кешенінің құрылыс орнында капсула орнату рәсімі өтті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу