01.04.2023
  117


Автор: 365 күн

23 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1804 жылы XIX ғасырдың атақты балеринасы, Италиядағы Тальони балет отбасының мүшесі, балетке пуанта биін енгізген Мария Тальони дүниеге келді;

1928 жылы америкалық актриса, 6 жасында "Оскар" сыйлығын алған ең жас әртіс Ширли Темпл дүниеге келді;

1954 жылы америкалық кинорежиссер, әлеуметтік және саяси сатира жанрында жазатын журналист, жазушы әрі саяси белсенді, "Оскар", "Алтын пальма бұтақтары" сыйлықтарының иегері, капитализмді, ғаламдануды, неолиберализмді, ірі корпорацияларды сынаушы Майкл Мур дүниеге келді;

1988 жылы ресейлік әнші, актриса Юлия Паршута дүниеге келді.

23 сәуірде Қазақстанда кім туды

1918 жылы Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов дүниеге келді;

1950 жылы әнші, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Шаһимардан Әбілев дүниеге келді;

1956 жылы ақын, филология ғылымының докторы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Әнуар Тарақ дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу