01.04.2023
  104


Автор: 365 күн

23 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін халықаралық қауымдастық Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау мерекесін тойлайды. Бұл мереке 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның бас конференциясында бекітілді. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдер өткізіледі. Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы - Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі.

23 сәуір Түркия республикасының ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 2 наурызда орнатылды.

Сондай-ақ, бүгін ағылшын тілі күні. Ол алғаш рет 2010 жылы атап өтілді. Ағылшын тілі күні ұлы ағылшын ақыны, жазушы, әлем бойынша атақты драматург Уильям Шекспирдің туған күнімен тұспа-тұс белгіленді. Қазір бірнеше мемлекеттің миллиардтаған адамы ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл ағылшындардың ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Австралия, Жаңа Зеландия тұрғындарының да тілі. Ол, тіпті Азия мен Африканың кейбір елдерінде де ресми тіл ретінде мойындалған.

23 сәуір Германия неміс сырасы күнін атап өтеді. Осы күні 1516 жылы Бавария билеушісі IV Вильгельм сыра туралы заңға қол қойды. Бұл оқиға тарихта "немістің таза сырасы" деген атпен қалды. Суға арпа жармасы мен құлмақ араластырылып қайнатқанда пайда болатын ішімдік қана таза сыра болып саналған. Бұл заңда сыраны қалай жасау керектігі ғана көрсетіліп қоймай, оны сату тәсілі де белгіленген. Неміс сырасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасы ретінде тіркелген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу