01.04.2023
  131


Автор: 365 күн

21 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Халықаралық пірәндік күні аталып өтеді. Пірәндік – ұннан жасалатын тәтті тағам. Түрлі дәм беру үшін жаңғақ, цукат, мейіз, жеміс-жидек тосабы қосылады. Әдетте, пірәндік дөңгелек немесе сопақ пішінді болады, беткі жағына сурет бейнеленіп, кейбірінде жазу жазылады. Көп жағдайда бетіне қант ұнтағы себіледі. Ертеде пірәндік мерекенің символы саналған, себебі оның құрамына қосылатын ингредиенттер әркім қалаған уақытында сатып алатын арзан өнімдер емес еді. Ежелгі Русьте алғашқы пірәндіктер IX ғасыр шамасында пайда болып, "балды нан" аталды. Қарабидай ұнына бал мен жидек шырыны қосылып дайындалатын.

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық астрономия күні. Астрономия күні 1973 жылы Калифорнияда тойлана бастады. Солтүстік Калифорния астрономия қауымдастығының президенті Д.Бергер (Doug Berger) адамдарды әйгілі обсерваториялардың ашық есік күндеріне шақырып, әуреге салғанша, халық көп жиналатын орындарда – көшелерде, сауда орталықтары мен саябақтарда телескоптар орнату қажет деп санады. Осылайша астрономияны сүйетін жандардың басын біріктіріп, жаңа астрономиялық қозғалыс құрды. Астрономия (грек сөзінен шыққан,  ἀστρο "жұлдыз" және νόμος "заң) – көне ғылымдардың бірі, аспан денелері мен жүйелерінің шығуын, орналасуы мен қозғалысын, дамуын зерттейтін Ғалам туралы ғылым. Атап айтсақ, астрономия Күн мен жұлдыздарды, күн жүйесінің планеталары мен олардың серіктерін, астероидтарды, кометалар мен метеороидтарды, экзопланеталарды, жұлдыздаралық және ғаламшараралық заттарды, галактикалар мен олардың шоғырын зерттейді.



Қазақстанда бүгін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері төл мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күн президенттің 2014 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен бекітілген болатын. 2014 жылдың 21 сәуірінде, Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі қайта құрылды – оның құрамына Президенттің күзет қызметі мен Республикалық гвардия кірді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу