31.03.2023
  85


Автор: 365 күн

18 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Кей мерекелер адамдарды қызығушылығы бойынша біріктіреді, мысалы, әлемде сондай мейрамның бірі радио әуесқойлары күні аталып өтеді. Бұл мерекенің тарихы 1925 жылы Парижде ақпараттық жаңалықтар енді пайда бола бастаған кезеңнен бастау алады. Мейрамды атап өтуді радио байланысқа алғаш қызығушылық танытқан адамдардың басын қосқан "Халықаралық радио әуесқойлар одағы" ұсынды. Радио байланыс ол кезде жұртшылыққа таңсық болса да, ұйымның мүшелер саны күн өткен сайын арта берді. Олар қазіргі заманда да радиоэфирге жиі шығып, әр құрлықтағы адамдардың өзара тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Олар құрылғының заманауи нұсқасын шығарумен айналысып қана қоймай, электронды аппаратураның жаңа түрөзгерістерін ойлап табады. Кәсіби мерекеде қиялы жүйрік, алған бетінен қайтпайтын және өз жетістіктерімен бөлісуге дайын жандарға қолдау көрсетейік.

Бүгін тойланатын тағы бір мерекені тарихты сүйіп оқитын адамдар жақсы біледі. 1984 жылдың 18 сәуірінен бері Халықаралық ескерткіштер мен тарихи жерлер күні аталып өтеді. Мейрамның ұраны: "Тарихи отанымызды сақтап қалайық". Бұл күнді атап өтуді ЮНЕСКО жанынан құрылған ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау мәселесі бойынша Халықаралық кеңес ассамблеясы 1982 жылы ұсынды. Мерекенің мақсаты халықтың назарын әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтау мәселесіне аудару, жауапты ұйымдарды "тарихи құндылығы бар қалашықтар, қорғандар мен обалардың шаруашылық мақсатта бұзылмауын" қадағалауға шақыру болып табылады.

Бүгін – Халықаралық жонглер күні. Орта ғасырларда музыканттар, көшіп-қонып жүретін әртістер мен сиқыршыларды жонглер деп атайтын, латын тілінен аударғанда "joculator" – "күлдіргі" дегенді білдіреді. Қазір жонглер дегеніміз бір мезетте бірнеше затты алма-кезек лақтырып тосып алатын цирк маманы. Бірақ бүгінде бұл трюкті жасап ешкімді таңғалдыра алмайсың. Ал негізінде осы бір цирк қойылымы көне заманда пайда болған. Мысыр перғауыны Хнумхотептің II Бени-Хасандағы обсында археологтар рельеф суреттерде  жонглер қыздардың бейнеленгенін анықтады. Бұл біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын болған. Көне грек тарихшысы Ксенофонт 12 шеңберді қатар айналдыратын биші туралы жазған, ал қытай Лан Цзы бір дегенде жеті қылышты қолдана білген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу