30.03.2023
  69


Автор: 365 күн

14 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1915 жылы кеңестік, ресейлік театр және кино актері Петр Глебов дүниеге келді. Оның ең танымал рөлі – "Мужики" фильміндегі Матвей Зубов;

1945 жылы тұңғыш гитарашылардың бірі ретінде танылған ағылшын рок музыканты Ричи Блэкмор дүниеге келді. Оның туындыларында классика мен рок музыка үндестік тапқан. Deep Purple тобының негізін қалаушылардың бірі. Ол топтан кеткен соң,  Rainbow тобын құрды. 1997 жылы Blackmore’s Night жобасын ашты;

1973 жылы "Оскар"және "Сезар" жүлделерінің иегері ("Пианист","Пиджак","Кинг-Конг") америкалық актер, продюсер Эдриен Броуди дүниеге келді;

1977 жылы америкалық актриса Сара Мишель Геллар дүниеге келді.

             14 сәуірде Қазақстанда кім туды

1903 жылы ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. "Еңбекші қазақ" газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Жамбыл мұражайында қызмет атқарған. Ақынның алғашқы өлеңі "Сырдария" деген атпен 1925 жылы "Еңбекші қазақ" газетінде жарық көрген;

1911 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО жоғарғы мектебінің үздігі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы, аудармашы Белгібай Шалабаев дүниеге келді;

1935 жылы ақын, филология ғылымдарының кандидаты Жайсаңбек Молдағалиев дүниеге келді;

1967 жылы кинодраматург, Қазақстанның кинематографистер одағының мүшесі, Еуразиялық телеакадемия академигі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Лейла Ахинжанова дүниеге келді; 

1982 жылы футболшы, қорғаушы, Қазақстан чемпионы Ренат Абдулин дүниеге келді. Ол Қазақстанның үздік 22 футболшысының тізіміне енген. Қазақстанның ұлттық құрамасында болды. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу