30.03.2023
  106


Автор: 365 күн

14 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейтін медициналық қызметкер күні. Бұл мерекенің тарихы 1829 жылдан бастау алады. Белгілі дәрігер Федор Гааз түрме ісімен айналысқан князь Голицынге хат жазған. Ол темір тордың ар жағындағы адамдардың денсаулығын тексеру аса маңызды екенін алға тартқан. Белгілі дәрігердің қамқорлығының арқасында жаңа қызмет пайда болды.  Оның маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді.

Сондай-ақ, бүгін Батыс Бенгалия, Бангладеш, Ассама мен Трипурадағы бенгал қауымы жаңа жылды атап өтеді. Пахела Байшакх бенгал тілінен аударғанда алғашқы айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бангладеште бұл күнге ұлттық мереке мәртебесі берілген. "Бойшак" айы келгенде аталып өтеді. Бұл күні адамдар күн шығысына дейін ерте оянып, ең әдемі киімдерін киеді. Туыстары, жақындары, достарымен кездеседі. Қаладағы саябақтарға барып, бұл күнді барынша ауқымды атап өтеді.

Бүгін Ангола жастарының мерекесі. Таяуда ғана тәуелсіздік алған ел үшін бұл мейрам аса маңызды. Мемлекет халқы ел болашағының жастардың қолында екенін жақсы біледі. Мереке күні елде білім беру және мәдениет шаралары ұйымдастырылады. Мәселен, 2012 жылы Ангола астанасы – Луанда қаласында жастар күніне арналған мәдени фестиваль ұйымдастырылды.

Сондай-ақ,  Грузияда ана тілі күні аталып өтеді.  Бұл мереке 1978 жылы грузин тілін мемлекеттік тіл мәртебесінен айырмақ болған шешімге қарсы өткізілген шеру құрметіне орай белгіленген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу