30.03.2023
  123


Автор: 365 күн

13 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1743 жылы "Тәуелсіздік декларациясының" авторы, АҚШ-тың үшінші президенті, мемлекет қайраткері Томас Джефферсон дүниеге келді;

1875 жылы КСРО ғылым академиясының академигі, топырақтану және география саласына еңбегі сіңген кеңес ғалымы Леонид Прасолов дүниеге келді;

1883 жылы орыс жазушысы, ақын Демьян Бедный дүниеге келді;

1883 жылы кеңес және ресейлік композитор, хор дирижері, педагог, КСРО-ның халық әртісі Александр Александров дүниеге келді. Ол – КСРО гимні (қазіргі Ресей Федерациясының гимні) әуенінің авторы;

1934 жылы кеңестік және ресейлік цирк әртісі, жазушы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Наталья Дурова дүниеге келді;

1948 жылы ресейлік әнші, пианист, композитор, шансон орындаушысы, музыкалық продюсер Михаил Шуфутинский өмірге келді. Ол – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі;

1955 жылы ресейлік жазушы, теле және радиожүргізуші, мемлекет қайраткері Ирина Хакамада дүниеге келді;

1963 жылы кеңестік және ресейлік шахматшы, әлем чемпионы, саясаткер Гарри Каспаров дүниеге келді;

1973 жылы ресейлік рок музыкантшы, әртіс, тележүргізуші, суретші және композитор, "Ленинград" және " Рубль" топтарының көшбасшысы Сергей Шнуров дүниеге келді.

13 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді

1926 жылы танымал қазақстандық журналист, Ұлы отан соғысының ардагері Моисей Гольдберг өмірге келді;

1959 жылы Қазақстан сумо күресі қауымдастығының президенті, Азия сумо федерациясының вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бағлан Ыдырысов дүниеге келді;

1961 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев өмірге келді;

1981 жылы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Житкеев өмірге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу