30.03.2023
  101


Автор: 365 күн

12 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1839 жылы Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы, генерал-майор Николай Пржевальский дүниеге келді;

1933 жылы әлемді зор дауысымен (сопрано) мойындатқан испаниялық каталон әншісі Монсеррат Кабалье өмірге келді;

1949 жылы кеңес және Ресей цирк әртісі, сайқымазақ, мысықтарды жаттықтырушы Юрий Куклачев өмірге келді. Ол РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1980), РКФСР халық әртісі (1986), әлемдегі жалғыз мысық театрының негізін қалаушы;

1961 жылы ресейлік эстрада әртісі, тележүргізуші, әнші, сықақшы, театр және кино әртісі Юрий Гальцев өмірге келді. Ол – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2003);

1972 жылы ресейлік театр және кино әртісі, тележүргізуші Елена Корикова өмірге келді. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі. "Бедная Настя" телесериалы арқылы танымал болды.

12 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:

1899 жылы Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаев дүниеге келді;

1920 жылы жазушы Бұқара Тышқанбаев дүниеге келді;

1926 жылы қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші Мардан Байділдаев дүниеге келді;

1928 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Байжігіт Әбдіразақов дүниеге келді;

1936 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Жауғаштин дүниеге келді;

1950 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, сенат депутаты Төлеубек Мұқашев дүниеге келді;

1975 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз дүниеге келді;

1989 жылы қазақстандық шаңғышы, 2010 жылғы Олимпиада ойындары мен 2011 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Кузин дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу