30.03.2023
  123


Автор: 365 күн

11 сәуірде қандай айтулы оқиға болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 сәуірді Паркинсон ауруына қарсы күрес күні деп бекітті. Мерекенің мақсаты - адамдарды дерт туралы толыққанды ақпараттандыру. Алғаш рет бұл ауруды 1817 жылы ағылшын дәрігері Джеймс Паркинсон сипаттап берген еді. Содан бері адамзат бұл дертпен күресу үшін түрлі амалдар тауып, арпалысып жүр.

Сонымен қатар бүгін бүкіл әлемде фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат ету күні аталып өтеді. Атаулы дата 1945 жылы 11 сәуірде болған Бухенвальд концлагері тұтқындарының көтерілісін еске алу күні ретінде бекітілген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу