👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.03.2023
  210


Автор: Қанат Дауылбаев

Намаз

Жүректе иман, болса толық сенім бек,
Намаз оқы, өміріңді жеңілдет.
Дұға қылып Құдайдан шын сұрасаң,
Қос әлемнің игілігі берілмек.

Айтылса азан таңсәріде ғажап үн,
Ұмытарсың дүниенің азабын.
Таң намазы несібеңді арттырып,
Құтпен ашар көңіліңнің ажарын.

Дандайсымай бәрін де өзім білем деп,
Нәпсіңді тый, күпірлікті жүгендеп.
Бес намазды уақытында қастерле,
Қаза қылмай уақытында түгендеп.

Ниет етіп, қасиетті жұмадан,
Мешітке кеп жұмылса егер мың адам,
Жамағатпен оқылған бұл намаздың,
Сауабы мол, арылтуға күнәдан.

Жаратқанның бізге парыз әз заңы,
Өтемесек, санамыздың азғаны.
Иман құйып жүрегіңе ниетпен,
Намаз оқу – құлшылықтың абзалы.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы