👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.03.2023
  174


Автор: Қанат Дауылбаев

Иман келтіру

Хаққа сену – мұсылманның міндеті,
Алейһиссалам Мұхаммедтің үмбеті.
Иман менен сыйға тартқан Исламды,
Бұл Алланың бізге деген нығметі.

Ұғынарсың болсаң егер байыпты,
Мадақ айту, бір Аллаға лайықты.
Бұйрығына бойұсыну – парызың,
Иман келтір, көрмей, сезбей ғайыпты.

Нәпсіге еріп, бой алдырма күмәнға,
Жасаушы да, алушы да бір Алла.
Сенім артып Расулалла ізімен,
Иман келтір Құдай сөзі – Құранға.

Момын болсаң парасатты, білікті,
Ойдан шығар күпірлікті, күдікті.
Жүрегіңе нұр құйылар күмәнсіз,
Ұялатсаң сенім менен үмітті.

Алла сөзі, бізге міндет иман бақ,
Иланбаған ақыретте қиналмақ.
Ғибадат қыл мүмкіндігің барында,
Иман келтір: Лә иллаһа иллаллаһ.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы