29.03.2023
  88


Автор: 365 күн

8 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін өрттен қашуға арналған саты күні. Бір қарағанда күлкілі көрінгенімен, бұл зат көп жанның өмірін сақтап қалуда рөлі зор болған. Бұл мерекенің тарихы 1766 жылы 8 сәуірде АҚШ-та сатының алғаш рет патенттелуімен байланысты. Ол сол кезде барлық сынақтан сәтті өтіп, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келген.

Сондай-ақ бүгін Ресейде анимация күні. Мереке ретінде ол ресейлік мультипликациялық фильмнің алғашқы мерейтойы – 100 жылдығы қарсаңында 2012 жылы бекітілген. 1912 жылы 26 наурызда (қазіргі жаңа стильде 8 сәуірде) режиссер Владислав Старевичтің "Сұлу Люканида немесе мұртты мүйізділермен соғыс" мультфильмі жарық көрді. Бұл мультфильм рыцарлардың махаббат желісіне пародия жасайтын қуыршақ анимация техникасы бойынша жасалған жәндіктер туралы.

Бүгін халықаралық сығандар (International Roma (Gypsy) Day) күні аталып өтуде. 1971 жылы 8 сәуірде Лондонға бүкіл сығандар жиналып, құрылтай өткізеді. Ол Бүкіләлемдік сығандардың конгресі деп аталды. Оған осы ұлттың 30 мемлекеттегі өкілдері жиналды. Сол жиынның қорытындысында ұлттық рәміз - ту, әнұран қабылданып, сығандар өздерін ерікті жеке ұлт ретінде жариялады.

Сығандар туралы тарихта алғаш рет 1501 жылы жазылады. Сыған көсемі Василь латыш князі Александр Казимировичтің қолынан күзет грамотасын алды делінген онда. Бүгінгі таңда сыған халқының саны - шамамен 8-10 млн. Олар Жер шарының Солтүстік, сол секілді Оңтүстік белдеулерін мекен етеді: Албания, Румыния, Молдова, Хорватия, Аргентина, Белоруссия, Канада, Бразилия, Ресей және т.б. елдер. 2013 жылдың санағы бойынша, Қазақстанда шамамен 4,1 мың сыған тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу