29.03.2023
  118


Автор: 365 күн

6 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бұл Григориан күнтізбесінде 96-шы күн. Жыл соңына дейін 269 күн бар.
6 сәуірде не болғанын білесіз бе?


6 сәуірде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Бүкіләлемдік үстел теннисі күні аталып өтеді. Жыл сайынғы халықаралық мереке әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің біріне арналған. Мереке 2015 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясының бастамасымен бекітілді. Пинг-понг атауымен де танымал үстел теннисі жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған, ал халықаралық федерация 1926 жылы құрылды. Оның міндеті – үстел теннисінің ережелері мен нормаларын бақылау, спортты технологиялық жағынан жетілдіруге септігін тигізу, сонымен қатар, халықаралық сайыстарды ұйымдастыру.

Сондай-ақ, бүгін – Бейбітшілік пен даму үшін халықаралық спорт күні. Бұл мереке БҰҰ-ның халықаралық және бүкіләлемдік күндерінің қатарына кіреді. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2013 жылы 23 тамызда бекітілген. БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық, спорттық, үкіметтік емес ұйымдар мен барлық мүдделі тарапты халықаралық спорт күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға шақырады.

Мәскеу трамвайының туған күні де 6 сәуірде тойланады. Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын, нақтырақ айтсақ, 1899 жылдың 6 сәуірінде Мәскеуде алғашқы электр трамвай іске қосылды. Мәскеуліктер жылы шырайлы кондукторы бар, бағасы қолжетімді трамвайды бірден жақсы көріп кетті. Оның үстіне трамвай қалаған жеріңе жету үшін ең ыңғайлы көлік саналды әрі экологиялық жағынан таза болатын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу