29.03.2023
  168


Автор: 365 күн

3 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Жер шарында таңғажайып мереке бар – ол ұялы телефонның туған күніне арналған, көктемде, 3 сәуірде аталып өтеді. Қазіргі заманда әлі жүре алмайтын балалардың өзі ұялы телефонның не екенін біледі. Олар одан туыстарыңа қоңырау шалуға болатынын түсінбеуі мүмкін, сондықтан оны музыкалық ойыншық ретінде қабылдап,  батырмаларын оңды-солды басады. Ал ересектер бұл гаджетсіз өмірін елестете де алмайды. Телефонның тарихын білу баршаға қызықты болса керек. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының инженері Мартин Купер 2,5 килограмм тартатын Motorola DynaTAC 8000X ұялы телефонынан компания кеңсесіне алғаш рет қоңырау шалды. Содан бері адамзат басқаша өмір сүре бастады, өйткені қай жерде жүрсең де абонентпен дереу байланысу мүмкіндігі пайда болды.

Бүгін сондай-ақ көңілді бейресми мереке – Дүниежүзілік сауық кеші күні немесе Дүниежүзілік пати күні (World Party Day) аталып өтеді. Бұл мереке P-Day деп те аталады. Бүгінгі күні жастардың сөздік қорында жиі кездесетін "party" сөзі ағылшын тілінен аударғанда сауық кеші дегенді білдіреді. Шараның тақырыбы, түрі мен сценарийі ұйымдастырушылар мен қатысушыларға байланысты. Сауық кештер дүниежүзіне танымал, өйткені онда демалып, әңгімелесуге немесе уақытты көңілді өткізуге болады.

Бүгін тәттіқұмарлар шоколад мусының ұлттық күнін тойлайды. Мусс – тәтті тоқбасар тағам, оның шыққан жері Франция. Бұл жеңіл тоқбасар ерекше текстура беретін ауа көпіршіктерінен тұрады. Рецептурасы мен дайындау техникасына байланысты мустың тығыздығы әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте мусқа жеміс / жидек пюресі немесе шоколад қолданылады, сондай-ақ десерттің құрамына тәттілендіргіш (әдетте қант немесе бал) және ингредиенттер кіреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу