29.03.2023
  128


Автор: 365 күн

2 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Халықаралық балалар кітаптары күні аталып өтеді. Балалар кітаптары бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның суреттері, таңғажайып сюжеттері және ұйқыға жатар алдында қызықты ергегілер оқып беретін жақын адамыңның дауысы өмір бойы есте қалады. Біздің әрқайсымыз үшін бұл, әрине, бастапқыда қарапайым халық ертегілері болғанмен, кейінірек өте парасатты және өнеге аларлық сюжет болып шығады. Олардың арасында "Қалайы сарбаз", "Сұмпайы үйрек", "Түймеқыз" және тағы басқа жан тебірентерлік шығармалар болды. Оларды 1805 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген біртуар дат жазушысы Ганс Христиан Андерсен жазған. 1967 жылы дәл осы күні Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңес (IBBY) тамаша мереке – балалар кітаптарының халықаралық күнін құрды.  

Сондай-ақ бүгін Аутизм проблемасы жайлы ақпараттарды таратудың дүниежүзілік күні аталып өтеді. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы белгіледі. Алғаш рет 2008 жылы аталып өтті. Аутизм проблемасы жайлы ақпараттарды таратудың дүниежүзілік күнін енгізу бастамасын Катар елі көтерді. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында балалардың аутизм проблемасына назар аудару, осы ауруды ерте анықтау және оның пайда болуына жол бермеудің маңыздылығы атап көрсетілген.

Сондай-ақ бүгін – Ресей мен Беларусь халықтарының бірлігі күні. 1996 жылы дәл осы күні Ресей мен Беларусь президенттері Борис Ельцин мен Александр Лукашенко Мәскеуде "Ресей мен Беларусь қауымдастығын құру туралы" шартқа қол қойды. Бір жылдан кейін, 1997 жылдың 2 сәуірінде "Беларусь және Ресей одағы туралы" шартқа қол қойылды, ол екі мемлекеттің жан-жақты интеграциясы үдерісіне тың серпін берді. 1997 жылдың 23 мамырында Беларусь және Ресей одағының Жарғысы қабылданды, ал 1998 жылдың 25 желтоқсанында Ресей мен Беларусь президенттері "Ресей мен Беларусьті одан әрі біріктіру туралы" Декларацияға қол қойды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу