26.03.2023
  518


Автор: Әсерлі әңгімелер

Нәпсінің құрбаны - 4 бөлім

Алматыда ешқандай туысқаным жоқ. Жұмыс іздеп, сандалып екі аптадай жүрдім. Соңында бір мейрамханаға жұмысқа тұрдым. Бұл жақта той болса даяшыларға жақсы ақша береді екен. Ауылдағыдан жақсырақ. Содан түні бойы тойда даяшы болып, күндіз келіп, ұйқының планын орындайтынмын. Қанша уақыт өткенін әйтеуір, біраз ақша жинап, ішіп-жеміме де, пәтер ақыға да, ата анама да қарасып жүрдім.

Анам бір күндері, сағындық. Келіп кет, деген соң ойланбастан бірден жолға шықтым. Автобусқа отырып, жайғасып, құлаққапты құлаққа салып, мұңды әуендер тыңдап келемін. Жеткенше біраз жол. Алдағы өмірім не болар екен деп ойланып келемін. Күтпеген жерден біреу алып қашып кетсе не істеймін? Өмірімде өшпес дақ бар ғой. Ата анамды зар қақсатып, ұятқа қалдырып жүрмесем болғаны. Жоқ... Ондай жағдай болса, бірден кетіп қаламын. Тұрмысқа мүлдем шықпаймын. Ия... Тұрмысқа шықпаймын. Ең дұрыс шешімі осы.

Ауылымызға да жеттік. Түсіп бауырмаларыма тәттілер алып, қуанып үйге қарай жол тарттым. Олар мені күтіп, қуанып отырған болар...

Ойлағанымша болмады, бір машина жүйткіп келіп, тоқтады да, малды салып алғандай, мені көліктің артына салып алды. Айқайлап жылаумен болдым. Қатты қорықтым. Бұл ойды неге бүгін ойладым екен. Қарғыс атқыр неге мен? Неге мені алып қаштыңдар? Басқа қыз құрып қалды ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу