![]() |
|
![]() |
Әңгімелер ✍️

Нәпсінің құрбаны - 5 бөлім
Машинамен жүйткіп, ауылымыздан ары екі ауылдан асып,бір үйге кіріп келді. Адамдар топырлап жиналып алған. Әйел кісілер шашуын шашып, үлкен қарт кісі орамал жауып жатыр. Қарсыласып машинадан түспей, қатты қорқып қалдым. Үйдегілерге кешірімшілер жіберді. Мен отырмын жылап... Жігітті тіптен танымаймын. Біраз уақыттан соң қырғын болып, ұятты жағдайда қалатыныма сенімді болып отырдым. Себебі, ауылдан алыс емес. Ауылда жүрген жігіттерімнің бірі болмаса бірінен мен туралы естейтіні анық. Анам мен әкем келіп мені алып кетсе екен деп, Құдайдан тілеп отырдым.
Анам мен әкем келді. Анам жылап мені құшақтап алды. Мен де жылап ентігімді баса алмай,
—Анашым кетемін, қалмаймын, кетемін!- дей бердім.
— Алып кетеміз. Қорықпа алып кетеміз!-деп мені сабырға шақырып жатыр.
Кенет біздің сыртымыздан бақылап тұрған әкем, ''қаласың" деді. Қатқыл үнмен жүзінде ашу. Жәутеңдеген жанарларым мен әкеме қарап үнсіз ғана жылай бердім. Ішім алай дүлей. Әкемнің бұл ісіне қатты өкпеледім. Анам да әкеме қарап, ашумен неше түрлі әңгімелер айтып жатыр. Ішім алай дүлей боран болып жатқан менің айтарға сөзім болмады. Әкеме '
—Неге олай еттіңіз?- дедім. Әкем:
— Бізді жерге қаратып әр жерде жүргенше біреудің үйінде отыр, алып қашқаны дұрыс болды. Енді ұятқа қалмаймыз. Одан соң үйренісіп кетесің!- деді.
Анам да мен де таң қалып қалдық. Менің ішкі түйсігім барлығын түсініп үлгерді. Ал анам байғұс ештеңе түсінбей маған бір әкеме бір қарап Жанарлары жасқа толды. Сөйтсем әкемнің құлағына бәрі жеткен екен.
Бұлай мүлдем ойламадым. Анам мен әкем кетіп қалды. Енді не істеймін деп соңдарынан қарап қалып қалдым. Ертеңгі күнім не болар екен деп, қаншама нәрсе ойлап шықтым. Қорыққаным сонша аяқ қолым дірілдеп, шошып жатыр. Ұйықтамай шықтым. Күнде түнде өте шықты. Беташарға дайындық болып жатыр. Не істесем екен, қашып кетейін бе деген ойлар да келді.
Жалғасы бар
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |