26.03.2023
  198


Автор: Әсерлі әңгімелер

Нәпсінің құрбаны - 6 бөлім

Әр нәрсені ойлап, миымда шимай шатпақ болып жатқанда, мені беташарға дайындап, әйел кісілер келіп, киімімді ауыстырып, ақ орамал жауып жатты. Сәл уақыттан соң келін боламын. Бірақ келін деген атқа лайықты бола аламын ба? Әйелім деп айтуға лайықты адам бола аламын ба? Беташарым да пәк күйімде өз өзіме сенімді күйде шыққаным да ғой. Жас күніндегі қателіктерім осынша қиындық алып келеді деп мүлдем ойламадым. Шыны керек...

Беташар болып жатты. Екі жақтағы екі жеңгенің сүйемелдеуі мен сәлем салып тұрдым. Соңында бетімді ашып, енем мен күйеуімді алғаш рет көрдім. Беттеріне қарауға ұялып, қолдарым дірілдеп кетті. Қатты қобалжыдым. Бір жақтағы жеңге " қобалжыма, ондай ондай болады, өзіңді ұста" деді. Енем маңдайымнан сүйіп, құшағына қысты. Жүзі жылы мейірімді көрінді. Беташар бітіп, көйлек орамалымды тағып, тірлікке кірісіп кеттік. Түн болмай ақ қойса ғой деп, болмайтын нәрсені қиялдап әйтеуір ары бері жүрмін.

Барлығы біткен соң бір жеңге төсек салып берді. Аппақ ақ жайма жайып, ақ көрпемен аппақ жастықтар қойып қойды. Мен шыдамай сыртқа шығып кеттім. Күйеуім үйде мені күтіп отырды. Ұйықтағанда бірақ кіремін деп ойладым. Жайлап кіргенімде қимылдамай жатқан оның жанына жайлап жатып қалдым. Бірақ ол ұйықтамапты. Көптен күткенде ұйықтап жатады дейсің бе деп, қанша қаламасам да, күштеді. Қатты жыладым. Ол әрине бәрін білді. Жарықты жағып қойды да тапжылмай отырды. Ұялып не істерімді білмей, бар қолымнан келгені жылау... Не ойлап отыр екен деп, сөйлейін десем де бата алмай, ол маған жауап қатқанша мен де отыра бердім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу