26.03.2023
  225


Автор: Әсерлі әңгімелер

Нәпсінің құрбаны - 7 бөлім

Бір уақытта жарықты өшірді де жатып қалды. Мен де жатып қалдым. Ертесіне ертемен тұрып тірлікке кірістім. Ата енем маған қарап мәз. Келін алғандарына қуанышты. Кел отыр, бізбен бірге шәй іш деп тірлік істеп жүрген жерімнен отырғызып қойды. Сонан соң кешегі төсек салып берген жеңгеміз келді. Барып бөлмеге кіріп кетті. Күйеуім әлі ұйықтап жатқан. Бір уақытта шықты да, таза нәрсе келмепті. Тазасын алуларыңыз керек еді. Басқасын таңдауларыңыз керек еді деді. Екі бетім парт қызыл болып, тыпыршып кеттім. Атам мен енем отырса да сондай әңгіме айтты. Жеңгеміз соны айтты да кете барды. Енем нан ауыз ти десе де керек емес, маған берген ақшаларыңыз да таза емес болатын болды ғой уфф деп кетіп қалды.

Иә осы күннен бастап тозақтың ішіне кіргендей болдым. Барлығы да отырсам опақ тұрсам сопақ қылып, атам да енем де қыз болмай келгенімді бетіме басып, есесіне аямай тірлік істейсің деп, барлығын менің мойныма артып қойды. Амалсыздан жасап, айтқандарын жасауға тырыстым. Барлығынан бұрын күйеуім келемеждеп, мазақ қылып сөйлеп, жанды жеріме көп тиіп жүрді. Сол бір неке түрінен кейін мүлдем жаныма жақындаған емес. Мұншалықты таяз адамдар екенін білмедім.

Шыдамның да шегі бар ақырында қашып кетуге бел будым. Үйге барсам әкем бәрібір кіргізбейді. Алматыға кетіп қалуым керек дедім. Тұрмысқа шыққаныма екі ай енді ғана болды. ЗАГС ке де тұрмадық. Оның болмағаны да жақсы. Түннің ортасында бәрі ұйықтап жатқанда киім кешегімді алып тайып тұрдым. Ешкім байқай қоймаған шығар деп, автовокзал жаққа түнеп, Алматыға жүретін ең бірінші автобуспен жүріп кеттім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу