26.03.2023
  241


Автор: Әсерлі әңгімелер

Нәпсінің құрбаны - соңы

Сондай бір күндердің бірінде желідегі парақшама бір жігіт жазды. Сәлем деген ыстық сөзбен басталған хабарлама таңға дейін жалғасты. Көп сөйлесіп шықтық. Өзі Алматының жігіті екен. Мені Алматының ресторанынан байқап, парақшамды тауып алыпты. Онысына қаттыриза болдым. Ол да бар сырын айтып мен де ішімдегінің бәрін айтып, жеңілдеп қалдым. Мені бір рет қана сырттай көрседе ұнатып қалғандығын айтты. Бірақ оған қатты мән бермедім. Себебі енді тұрмысқа шығу деген мүлдем ойымда жоқ.

Әңгіменің барысында балалы бола алмайтын да шығармын дедім, ол не дер екен деп ... Сол кездегі оның мен үшін қандай алаңдағанын айтып жеткізе алмаймын. Шыр пыр болып, барлығы ана болуға лайықты деп, мен жұбатып әлек. Біздің интернет пен телефон арқылы сөйлесуіміз 6 айға ұласты. Ол өзі менен екі жас қана үлкен. Үнемі жағдайымды біліп хабарласып тұрды.

Түнде телефонмен сөйлесіп жаттық. Ол күтпеген жерден маған тұрмысқа шықшы деді. Аузыма құм құйылғандай сасып қалдым. Түсін екеуміз бір біріміз үшін жаралғанбыз, деп сезімдерін айтып, соңында келісімімді бердім. Анам мен әкеме түсіндіріп айтып, осы некеде бақытты болатыныма сөз бердім. Одан ата анамызды таныстырып, тәтті шәй қылып, жігіттің өзімен де бірінші рет жолықтым. Өзі келісті сымбатты жігіт.

Үйге құда түсіп келіп, сал дәстүрмен маған сырға салып, үйіне алып кетті. Анам бағың ашылсын, жаным деп артымда жылап қалды. Екеуміз отау құрып, неке қию куәлігінде алдық. Ата енем, өз өздеріңмен болыңдар деп, қаладан екі бөлмелі пәтер алып берді. Бөлек шығып кеттік. Бірақ біраз уақыт өтті. Баланың жоқтығы жаныма батып жүр. Күйеуім Өзбекстанға да анда да мұнда да апарып емдетіп жатыр. Бірақ бұның соңы немен аяқталарын білмейміз. Дәрігерлер үміт бар деді. Сол сөзді естіп қатты қуанып қалдық. Менің бұрынғы қателіктерім үшін Құдай мені көп сынады. Бірақ барынша сынбауға тырыстым. Бәрінен бұрын жаныма демеу болып жүрген осындай адамның барына Аллаға шүкіршілік еттім. Алла қаласа бәрі жақсы болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу