24.03.2023
  84


Автор: 365 күн

29 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1994 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды;

1996 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында қазақтың атақты ханы Абылайдың ақылшысы, жырау, ақын Бұқар Қалқаманұлына ескерткіш қойылды;

2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлтымыздың жоғын жоқтаған "Қазақ" газеті оқырмандарға қайта оралды;

2013 жылы Астана әкімдігі EXPO халықаралық көрмесі жобасы - экоқалашықтың құрылысына 100 гектар жер бөлді;

2017 жылы Қазақтың танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында орналасқан Times Square алаңындағы үлкен LED экранға шықты;




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу