24.03.2023
  159


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 5 бөлім

Өзбекстанға келгелі жағдайлары жақсарып келеді. Әрине еңбектің арқасында, әрі көмегін көрсетіп жүрген қайнысы мен келіні болмаса, бұл жақтағы күні қалай боларын елестете алмайды.

Өз бақшасын күзге дейін күткен Ғанидың жесірі, еңбегінің нәтижесін молынан көріп, артылғанын сатып тағыда қуанышқа кенелді. Балаларыда мектепке алғаш рет барды. Қазақстанда жүргенде ешқандай білім алмаған еді. Өйткені кішкентай малшы ауылда тұрған. Мектеп деген ауылдан жеті сағаттық жер. Интернат деген бар болсада, балаларын оқуға беруге мүлдем жағдайлары болмаған. Сол себепті аштықта жүрген ауыл адамдары білім алуға еш ойланбады.

Он үшке толған үлкені Айжамалды оқуға қабылдамады. Одан кейінгілерді қабылдап, олардың қуанышында шек жоқ. Екі үйдің балалары бір-бірімен бауырмал болды. Қайнысың үлкені ұл бала. Айжамалдан төрт жас кіші. Деседе дене бітімі Айжамалмен құрдас сияқты бойы ұзын, сүйкімді өзі. Жастайынан әкесінің қолғанаты болған Ерсін, тез өсіп кеткендей. Алғаш осы елге келгенде Ерсінді өзінің құрдасы деп ойлағаны рас. Сөйлесе келе өзінен төрт жасқа кіші екенін біліп, күліп алған.

Екі үйдің балалары күні бойы бірге ойнап, бірге жұмыс жасайтын. Бәріненде Айжамал мен Ерсін бір-біріне өте жақын.Апалы-інілі болсада, жақын достар секілді екеуі бір-біріне барлық сырларын айтып жүрді.
Бәріде балалықтан басталған екі туыс, бір-біріне ғашық болғандарын әліде білмейді.
Екеуіде үнемі бір-бірін іздеп, көріспей қалса жандары құлазып, жабырқайтын болған.

Арада төрт жыл зымырап өте шықты. Бұл уақыттың ішінде Айжамалдың отбасы өз үйлерін салып, анасы қалаға көкеністерін сатуға кетеді. Әрине қайнысының арқасында. Қайнысының жүк көлігімен келіні, өзі үшеулеп жүріп қалаға бақша өнімдерін сатуға кетеді. Екі үйдің балаларына бас көз болып қалатын Айжамал мен Ерсін.
Айжамал он жетіге толса, Ерсін он үшке толды. Қыздың көркі анасы сияқты,қара торының сұлуы. Қыпша белі, сұлу мүсіні, көрші өзбек жігіттердің назарында. Ерсін болса, ол жігіттерден қызғанып, Айжамалды сыртқа шығарғысы келмейтін. Сол үшінде екеуі жиі ұрсып қалады. Артынан қайта достасып көңілдері орнына түсетін. Ерсін бала кезден жұмыс жасағандықтан ерте есейген бозбала.

Жалғасы бар..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу