24.03.2023
  126


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 6 бөлім

Екі туыс үнемі бірге болғандықтан бастапқыда қолдарымен қол ұстасқанда екеуіде ерекше сезімде жүрді. Кейіннен ойнап жүріп құшақтайтын Ерсіннің қылығы Айжамалға қатты ұнайтын еді. Екеуіде ессіз ғашық. Мойындағысы келмеседе, сезім деген көздерін байлап тастағандай.Көздерін жұмсада, ашсада бір-бірінің
бейнесін көретін. Бұл қылығына Айжамал басында ұялып, Ерсіннен өзін аулақ ұстамақ болып, көрші өзбек бала Жасунмен сөйлесіп жүрді. Бірақ Ерсінге қараған көзқараспен, Жасунға қарай алмады. Тіпті ол жігіттің қолынан ұстағанына денесі тітіркенетін. Амалсыз сөйлесіп жүрген.

Ерсін болса қызғанып, Айжамалмен ұрсып, неше күн бойы Айжамалдың бетіне қарамай, тамақ ішуденден бас тартып жүрді. Ерсіннің бұл қылығына Айжамал іштей қапалы. Ерсіннің күндегі қылығы, бірге жүріп жұмыс жасайтыны, еркелетіп ойнайтыны бәрі артта қалды. Жасунмен сөйлесіп жүрседе, өзін жалғыз сезінген Айжамал, Ерсінге өзі барды.
Дәл сол уақыттары Айжамалдың анасы мен аға жеңгесі жүк көлігімен алыс қалаларға екі-үш күнге кеткен. Балалардың бір үйде болуларын қатаң тапсырып кеткен еді. Айжамал бауырларымен Ерсіннің үйіне қонды.
Сол екі күннің ішінде Ерсін, Айжамалға ренжіп, тамақ ішпей, қарамай жүрді.

Ерсіннің бұл қылығына шыдамай, Айжамал өзі кешірім сұрап, Ерсінді қалай құшақтап алғанын білмей қалды. Түн болатын, балалардың бәрі ұйқыға кеткен. Айжамал барлық жұмысын бітіріп, Ерсінді тамақ ішуге келеді деп күтті. Бірақ жігіт бөлмесінде теріс қарап жатып алған. Бауырлары теледидар көріп, сол бөлмеде ұйықтап жатты. Ерсін басқа бөлмеде жалғыз жатқан еді. Жігіттің бұл қылығына шыдамай, қасына барған қыз құшақтап кешірім сұрағаны сол еді.

Ерсін Айжамалды қатты қапсыра құшақтап алып, ерніне жабыса кетті. Бұлай жасауға болмайтынын білетін қыз, Ерсіннің құшағынан босап шыққысы келген. Бірақ жігіттің жасағандары ұнап бара жатыр. Тәтті сезім мен құштарлықтан бас тарта алмады. Сол түні екі туыс құштарлықпен ең үлкен күнә жасағандарына бас қатырмады.Төсек қатынасына түскен екеуі өзгеше әлемде жүргендей, өздерін сондай бақытты санады.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу