24.03.2023
  120


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 8 бөлім

Қызының жасаған күнәсі барлығына кесірі тиді. Ішінен шыққан баласын ұрып, ұрысқаннан басқа байғұс ана не істей алады. Жасунның әке-шешесі құда түсіп келгенде қатты қуанған. Сонан Айжамалға болған оқиғаны ешқашан ешкімге айтпауын шегелеп тұрып тапсырды.
Той күні жақындап келеді. Айжамалға ара тұра Жасун келіп тұрады. Ешқандай эмоциясы жоқ қыз, амалсыз анасынан қорыққасын шығып кездесіп жүрді.

Белгіленген күні тойда болды. Ерсін іштей қатты жақсы көрседе, үнсіз бақыт тілеп үйінен мүлде шықпайтын болған. Әкесі қатаң жаза қолданған еді.

Табалдырығын аттаған Айжамалды күйеуі қанша жақсы көрседе, бұл қыздың жүрегі тас сияқты қатып қалған. Пәк емес болып, абыройы болмасада Жасун мүлде сұрамады. Айжамалдың абырой сақтап әлек. Айжамалға бәрібір, бұл үйден кеткісі келеді. Жүрегі мен бар ойы бауыры Ерсін деп соғуда.

Жасун күні бойы сыртқа жұмысқа кетеді. Үйде енесі екеуі қалатын. Енесі бұл қызға күн бермейтін болды. Ұлы келсе ештеңе болмағандай.. Осылай күндері өтіп жатты.

Арада жыл өтті. Енді аяғы ауырлаған Айжамал тағдырына көнгендей, Ерсінді ойлауды қойған. Бар баласын аман есен қолға алу болған еді. Алайда бұл болмады. Ерсін күйзеліске түскен еді. Үнемі тұйықталып, ешкіммен араласпай жүрді.
Бірде сыныптастары отырысқа күштеп әкелген. Жігіттер болып, тығылып сыра ішті. Сыраны алғаш рет асыра ішіп, есінен танғанша ішкен Ерсін өз құпиясын сыныптас жігіттердің алдында айтып салды. Бір күні болмасын, шындық айтылатыны ақиқат еді. Міне сол ақиқат ашылғалы Айжамалдың өмірі қор болумен өтіп жатты.
Құрсағына біткен сәбиінен айырылуынада осы сөз себеп болды.

Бұл әңгіме ауылға желдей есіп таралып кетті. Жасун естігенде, өзін ұстай алмай, Айжамалды тепкінің астына алды. Одан кейінгісі белгілі. Соққы жеген келінін енесі үйден қуып шықты.
Айжамал мен Ерсіннің отбасы ауыл ішінде жүре алмай, Қазақстанға көшуге мәжбүр болды. Бірақ Ерсіннің отбасы Шымкентке көшіп келсе, Айжамалдың отбасы Алматының ауылдарына көшіп барды. Бар жиған тергенін сатып, екі бөлмелі ескі сарайды сатып алды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу