23.03.2023
  502


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 1 бөлім

Кішкентайымнан жоқшылық көріп өстік. Оңтүстік Қазақстан облысында шет жақтағы сет онша ұстай бермейтін бір ауылға көшіп келдік. Ата анамның айтуы бойынша туыстарымыздың көбісі осында тұрады екен. Біз атамызды көп көрмегенбіз. Әжеміз әкемнің айтуы бойынша атамызға тоқал болып тиген. Содан ерген сегіз ұл, бес қыз бар.

Ал бәйбішесінен нешеу екенін білмедім. Бұл ауылда бәйбішесінен бір ұлы, бір қызы тұрады екен. Ал тоқалынан екі қыз, үш ұл. Сол үш ұлдың біреуі менің әкем. Әжеміз біздің қолымызда. Өзі көп сөйлемейді. Жүре алмайды.

Осы жағдайды естіп менде бөліну деген ой пайда болды. Ол кезде бар болғаны екі сыныпта оқимын. Әкем бәйбішенің баласымен таныстырмақ ниетте барлығымызды сол үйге алып барды. Бізбен көрші тұрады екен. Үйлеріне кірсек тоғыз бөлмелі. Жағдайлары жақсы. Атамызды көрдік. Бірақ мен атамды жақын тарта қоймадым. Өйткені арақты көп ішеді екен. Бір қызығы менімен жасты кішкентай қыздары бар. Бір- бірімізге тек сырттай қарадықта қойдық.

Мектепке қабылданып, сыныбыммен тез тіл табысып кеттім. Ал, әлгі бәйбішенің немересі Жадыра, өзі тым момын, ештеңеден шаруасы жоққа ұқсайды. Ол үнемі магазинге барып, сабақтан қайтарда түрлі тәттілер алып қайтады. Содан бір-екі жыл оны бақылап жүрдім де онымен достасуды жөн көрдім. Екеуміз біраз көңіл көтеріп, ол мені үйіне шақырып, мен оны үйге шақырып, әбден ойнайтынбыз. Оның үйіне барғанда біраз ойыншықтарын алып кететінмін.

Жалғасы бар..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу