23.03.2023
  560


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 2 бөлім

Ал мектепте тоғыз қыз болдық. Үш қыздың руы басқа. Ал 6 қыздың рулары бір. Алтауы үнемі бірге жүретін. Оларға қатты қызығатын едім. Әне міне дегенше 6 сыныпқа келдік. Бұл уақытқа дейін Жадыраны қатты пайдаландым. Тәттілер алдыртып, балмұздақ, печенье...
Ақшам таусылды десе,
—Досың үшін қимай қалдың ба?-дейтінмін.
Себебі ол өте ақкөңіл, әрі жылауық еді. Тез сенгіштігі де бар. Содан сыныптас алты қыздың арасына жетінші болып кіріп, бай, сылқым қыздардың қатарынан табылу үшін бір айла ойлап таптым. Жадырамен жақындау араласатын Әйгерім атты қыздың сумкасындағы төрт жүз теңгені Жадыраның сөмкесіне салып қойдым. Бұны денешынықтыру сабағында барлығы баскетбол ойнап жүргенде жүзеге асырдым.

Мен неге ол қыздардың арасында болмауым керек?Самбатты мүсінім бар. Көріктімін. Сөзге шешенмін. Әрі ақылдымын... Ал енді жоспардың жүзеге асуын күттім.

Дене шынықтыру сабағынан кейін химия пәні басталды. Мұғалім менің жоспарымды естігендей-ақ, сабаққа кірмей кетті. Бір уақытта келіп:
—Мен қазір жарты сағаттан соң келемін!- деді.
Содан мен бірінші болып:
—Қайтарда магазинге барып бәріміз балмұздақ алып, жеееп отырып әңгіме айтайық!- дедім.
Менің ұсынысымды қыздар қолдады. Ұлдар футболға барамыз деді. Екі көзім Әйгерімде. Неге сөмкесін қарамайды деп отырмын. Бір уақытта Әйгерім:
—Менің ақшам қайда? Ақшам жоқ!-деді.
Ол кездері төрт жүз теңгенің құны бар. Шулайтыны анық еді.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу