23.03.2023
  445


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 4 бөлім

Қыздар;
— Рас, рас үндемегеннен үйдей бәле шығады. Расында оны ондай деп ойламаппыз. Өзі үндемей жүріп пысық екен. Ещё актриса, өтірік жылап қояды ғой!- деп, қыздар күліп жатты.
Олардың орталарына қашан қосатыны белгісіз, бірақ тезірек қосу үшін тағы бір әдіс керек сияқты деп ойланып отырғанымда Әйгерім келіп:
—Сен бүгіннен бастап біздің қасымызда жүруге қалай қарайсың? Жетілік боламыз. Жеті деген қасиетті сан. Сен біздің топқа қосылсаң өкінбейсің!-деді.
Басында өтірік "қойшы" деп отырып, кейін не істейтіндерін сұрап-сұрап алдым. Олар көп жиын ұйымдастырады екен. Ал менің оған ақшам жоқ. Мұны оларға тікелей айтуды жөн көріп, жағдайымның жоқтығын, көп балалы отбасында дүниеге келгенімде әкем үйде ал анам мектепте еден жуушы екенін айттым.

Алайда олардың жауаптарына қатты таң қалдым. Ешқандай ақша шығармауымды өтініп, не отырыс болса да өздері шығарамыз деп сөз берді. Қатты қуандым. Мен оларды мұнша бай деп ойламаппын. Мен Жұмаққа түстім, Жұмаққа...

Ақыры демалыс күні келіп жетті. Олардың әр аптаның демалысында ауылдың кафешкасына барып, әбден көңіл көтеріп, жігіттерді сындырып қайтады екен. Бұл деген точно рай...

Жалғасы бар..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу