23.03.2023
  131


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 8 бөлім

Мектепті бітіргенде сонда да олардан қалмайын деп, анама жалынып жүріп форма тіктірттік. Түлектер жиналатын мерекелік кешке бір әпкемнің көйлегін сұрап алдым. Барлығы ойдағыдай өтті. Мәз мейрам болып, мектеппен де қоштастық. Арада 2 ай уақыт өтті. ҰБТ ға қатысқан жоқпын. Қатысқан болсам -0 ұпай аламын. Содан ауылда тойхана да біраз жұмыс істеп жүрдім. Ол жерден де біраз жігіттермен сөйлесіп тастадым.

Қыркүйек айы. Күз келіп күн суытып жатыр. Ауылға бір #геленвагенмен аздап сақал қойып алған жас жігіт келді. Оған бірден көзім түсті. Ол да мені ұнатты ма, телефон нөмірімді сұрады. Екеуміз біраз сөйлестік. Күндердің күнінде кездесуге шақырды кафеге алып барды. Аштан келгендей бәрін опырып жатырмын. Ол маған қарап мәз. Екеуміз бір-бірімізді қатты ұнаттық.

Есімі Еламан еді. Еламан мені шынайы ұнатты ма, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Көзімнен от шықты. Менің арманым да осы ғой. Ол өте бай. Ештеңеден тарықпаймыз. Балаларымызда бай қуатты болып өседі. Мен бірден келістім. Құда түсіп келетін болды. Анама барып ескерттім. Басында тартыншақтағанымен. Қызының жақсы жерге барғанын бәрібір де қалайды ғой. Әпкем ағам, екі інім мен сіңілім де мен үшін қуанды. Ал әкем ішіп жүргендіктен оған кейін айтуды жөн көрдік. Ақыры құда түсіп келді. Ауылдағы аға жеңгелері шашу шашып бақытты болыңдар деп, Еламан екеуміз болсақ мәзбіз. Барлығымыз бірге, ұзатылып кететін күндерді белгіледік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу