22.03.2023
  93


Автор: 365 күн

27 наурызда қандай елеулі оқиға болды

Бүгін - Халықаралық театр күні. Бұл мейрам ресми түрде 1961 жылдан аталып өте бастады. Бұған дейін Халықаралық театр күнін салтанатты түрде тек бірнеше мемлекет тойлады. Бұл күні театрлар ең үздік қойылымдарын қойып, өнерсүйер қауымды ерекше қуантады.

Сондай-ақ бүгін Нефролог күні. Нефрология – бүйректің ауруларын зерттейтін ғылым. Өкінішке қарай, бүйрек аурулары халық арасында кең таралған, науқастарды нефролог-дәрігерлер емдейді. Мерекенің мақсаты – мамандықтың беделін арттырып, нефрология саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару. Оның ішінде ең өзектісі – бүйрек трансплантациясы, жыл сайын органдар трансплантациясы бойынша жасалатын барлық операцияның жартысынан астамы бүйрек ауыстыруға қатысты болып отыр. Бұл операция науқастарға қайта өмір сүруге мүмкіндік береді, бірақ әлемде қазір донорлық органдардың тапшылығы мәселесі өткір тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу