22.03.2023
  383


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос перзентін мүгедек еткен отбасы - 2 бөлім

- Қызым ол тамақ ашып қалған жеуге болмайды. Бар тағы біраз ойнай тұр.

- Қарным қатты ашып тұр. Өтінем маған беріңізші.

- Қызым болмайды деймін. Бар кәне ойна. Ашуыма тиме..

Сабина көзі жасқа толып, қуыршағы мен ойнау үшін сыртқа шықты. Өзінің лақтырып кеткен сүйікті де жалғыз қуыршағын есік алдында байлаулы тұрған иті шайнап, жыртып тастапты.
Қуыршағын көтеріп анасына жүгіре жылап келді.

- Анашым ана ит менің қуыршағымды тістеп жыртып тастапты. Қараңызшы мынаған. Өтініш оны тігіп жөндеп беріңізші.

- Қызым ары кетші басымды қатырмай. Оны тігіп отыратын уақытым жоқ.

- Анашым мен енді немен ойнаймын? Онда жаңасын сатып алып беріңіз.

- Ақшам болса алып берер едім. Онсызда ішерге асымызды әрең тауып жүрген жоқпыз ба? Бар кет әрі миымды ашытпай.

- Анашым өтінем қуыршағымды жөндеп беріңізші. Өтінемін.

- Сен қыз осы неге сөз ұқпайсың? Кетші кет деген соң.

- Онда мантыны жылытып беріңіз. Қарным ашты.

- Ол манты ашып қалған. Итке береміз. Қазір тамақ піседі. Оған дейін ойнай тұр.

Сабина қуыршағын тістелеп тастаған итіне өштесіп одан кек алып итті өлтірмек болды. Әкесінің бұрынғы құтырған итін қалай өлтіргені есіне түсті. Әкесі құтырған итке нанның арасына шиша бөтелкені майдалап салып берген болатын. Сол бір көрініс есіне түсіп, шиша бөтелкені майдалап, тоңазытқышта тұрған мантылардың арасына салып қойды. Үйдің ішінде дауыстап анасы " Сабина қызым, бар ағаң мен әкеңді түскі асқа шақырып кел. "- деп айқайлады. Сабина жүгіре барып әкесі мен ағасын түскі асқа шақырып келді. Әке- шешесі, ағасы үйде тамақтанып отырған да ол сыртта анасының әлгі мантыларды итке бергенін күтіп отырды. Анасы шақырса да үйге кірмеді.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу