20.03.2023
  508


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 3 бөлім

Әсем қыздарын құшағына қысып марқұм жолдасын есіне алып көзіне жас алды. Қыздарының да әкелеріне деген сағынышы күн сайын артпаса, басылар емес.
Сабина сол күнгі оқиғадан соң мүлдем тұйықталып кетті. Араға жыл өтсе де еш бір жігітпен көңіл жарастыра алар емес. Ал Сабина болса өте көңілді қыз. Үнемі жан-жағындағы адамдарға позитивті көңіл-күй сыйлап жүреді. Өзінің сүйген жігіті де бар. Тек тәрбиеден аттамай әпкесінің тұрмыс құруын күтіп жүр. Ал сүйіктісі Әміре болса ғашығын өз еліне келін етуге асық. Міне бүгін де қос ғашық« кәрі қыз» атанған Сабина үшін тағы да ренжісіп отыр.
- Жаным,« анам ертерек үйлен» -деп қыспаққа алып қоймай жатыр. Қашанға дейін осылай жүреміз?
- Мен саған айттым ғой. Әпкемнен бұрын тұрмысқа шықпаймын.
- Әпкең мына жүрісімен қу тізесін құшақтап жалғыз өтетін шығар.
- Олай деме. Оның жаны қалай күйзеліп жүргенін сен түсінбейсің.
- Әпкең тұрмысқа мүлдем шықпаса қайтесің?
- Неге шықпайды екен? Әлі-ақ өз теңін тауып бақытты болады. Осыдар қара да тұр. Менің әпкем тұрмысқа шықпай қалатындай бір кемшілігі бар ма?
- Мен олай деген жоқпын ғой.
Мені дұрыс түсінбедің.
- Асығыс болсаң басқа қыз тауып үйлене бер. Мен қазір тұрмысқа шықпаймын.
Айсара ашуға бой алдырғаны соншама өзінің қаншалықты қатты сөйлегенін өзі аңғармай қалды. Оның әр сөзін анық естіген Сабина ақырын ғана сіңілісінің бөлмесіне кіріп келді.
- Әпке келсеңші. ( Айсара сасқалақтап қалды)
- Айсара сіңілім сенімен сөйлескім келеді. Мен үшін бағыңды байлама.
- Әпке сен дұрыс түсінбедің.
- Анамыздың арманын тым құрыса сен орында. Мен жасаған ақымақтықты сен қайталама. Басыңа қонған бақыт құсын ұшырып алма сіңілім.
-Әпке әр нәрсенің өз жолы бар. Мен тек сенен кейін ғана тұрмысқа шығамын.
- Ел жұрт мені ақ босағадан қайтқан, ақ орамалды аяққа таптаған деп жүргенде қай ақымақ мені өзіне жар етеді дейсің?
Анамызға қарашы. Уайымнан шашына ақ түсіп жұзін әжім басуда. Сен бақытты болуға лайықтысың. Бағыңды байлама. Мен саған еш өкпелемеймін. Керісінше сен бақытты болсаң бізде қуанамыз.
- Әпке, келші құшақтайын.
Апалы-сіңлілі екеуі бірін бірі құшақтап жылап, одан соң ұзақ уақыт шер тарқатып әбден шүйіркелесті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу