20.03.2023
  191


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 7 бөлім

Әсем күндіз-түні немересін бір жылатпай күтім жасап жанын бір елі ажырамады.
Әр бейсенбі сайын ағайын-туыс жиналып ас берілді. Әсем негізі өзіне күтім жасап жүретін, өз жасынан әлде қайда жас көрінетін фигурасы да он сегіз жастағы қыздыкіндей әдемі келіншек. Танымайтын адамдар кейде Айсараға « әпкең бе» деп сұрақ қойып жатады. Немересіне бауыр басып, бұл үй мен үйдің адамдарына үйренісе бастады. Әйтсе де өз үйіне қайтуға асығып күн санап жүр. Өз шаңырағына оралуға аз ғана күн қалғанына қуанып мәз болып жүрді. Мінекей көзді ашып жұмғанша бір айға жуық уақыт зулап өте шықты. Айсара енесінің қырық күндік асына дайындалып жүр. Күн сайын базар аралап үйіне кеш түскенде келеді. Үйінің перделерін жаңартпақ болып тігіншіге пердеге тапсырыс берді. Кешкі астан соң жолдасы екеуі перделерді алып келуге қаланың шет жағындағы ауылға кетті. Немересі түні бойы ұйқы бермейтін болған соң ол ұйықтағанда Әсем де шаршап ұйықтап қалады. Шырт ұйқыда жатқан. Кенет құлағының түбінде біреудің ыстық демін байқап шошып оянды. Өз көзіне өзі сене алар емес. Жанында құдасы Марат тұрды.
- Сіз не істеп тұрсыз? Денің дұрыс па? Әлде әйеліңіздің қазасы жаныңызды жеп есіңізден адастырды ма?
- Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі адам тіршілігін жасау керек емес пе? Екі жарты бір бүтін болсақ қалай қарайсың?
- Сіз жынданайын депсіз. Кетіңіз кәне бұл жерден.
- Сен мені өз үйімнен қуып тұрсың ба? Қыпша белің қылпылдап өзің менің нәпсімді қоздырдың. Есіңде болсын « тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген сөз бар.
- Осыдан қазір күйеу бала келсе бұл ісіңіз үшін сізді аямайтын болар сірә.
- Аяғың ауырып әрең жүр деп естідім. Кәне құшағыма келші. Мен саған өмір бойына жететін ақша берейін. Қайтесің өзіңді қинап жұмыс істеп.
- Сенің харам ақшаңның маған қажеті жоқ.
Марат сол кезде адам кейпіндегі хайуан секілді еді. Немересінің шырылдап жылағанына карамай өз арам ойын жүзеге асырды. Құдағиын зорлап төсектес болуға мәжбүрледі. Әсемнің күресуге шамасы жетпеді. Осылай жесір құдағи өз құдасынан қорлық көрді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу