👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.03.2023
  310


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Бақыттылар тізімінен алып таста

Мені неге қосасың ол қатарға?


Ғашығыма қосылмаған түрім барда,


Жүрегімнің жартысы жоқ болғанда,


Сен мені қоспағың ол қатарға!


 


Күн арайлы түседі жер-жаһанға,


Мені қара түнек басып алғанда,


Жұбататын жартым болмай жанымда,


Жалғыздық пен көп жүріппін Алматыда.


 


Гүлденеді Алматы жайнай түссет,


Мендік жүрек ішінен күйіп пісет,


Ол қыз жоқ болса жанымда,


Сен мені қоспағың ол қатарға.


 


Бақыттымның бір бөлігі сол аруда,


Ол болмаса өмірім түссіз-шала.


Сол бір жанды өмірімнен жоғалтқанша,


Бақытымды басыма қондырмада.


 


Бақыттылар тізімінен алып таста,


Сен мені олармен шатастырма.


Жалғанда сүйгенім жоқ жанымда,


Бақытсыздар тізіміне қосып таста.


 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы