17.03.2023
  520


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 2 бөлім

Біздің мектепке баратын уақытымызда жақындады. Анам байғұс біз үшін талмай еңбек етті. Күндіз түні жұмыста болды. Біздің оқу құралымыз бен формамызды әперді. Қатарынан қалмасын деп барынша тырысты. Анам жұмыста. Ал әжем үйде шағын егін егетін. Біз оған көмек қылып, жанында тасы дегенін тасып, әкел дегенін әкеліп жүрдік.

Шынына келгенде сіңілім екеуміз ортадан бөлекпіз. Жан-жақтағы адамдар бізді келемеждеп күлетін. "Әкесі тастап кеткен", "Біреуге тоқал болып тигеннің ақыры осындай болады", "жас жігіт құрып қалғандай 30 дағы еркекке тоқал болып мәз тапты ма?" дегендей сөздерді жиі естейтін едік. Тіпті бізбен ешкім ойнамайтын. Бізге бөтен ғаламшардан келгендей тесіле қарап, артынша өсектеп кететін. Үлкені де, кішісі де тіпті мал құрлы көрмеді.

Нағашы әжем де бұл оңайға соққан жоқ. Қызын ерекшеленіп ұзатып, аялы алақанға беремін деп бой жеткізген. Соңында бұлай боларын кім білсін. Анамнан туған ағасы да бастартқан. Әжем байғұс ұрысып, қанша айтса да нағашы ағам анам мен сөйлеспей қойды. Ортада қатты қиналып жүрген, нағашы әжем. Ол кісіге Құдай қуат берсін.

Бір күндері әжеме ағам хабарласып, үйге келуін өтінеді. Айтуынша жеңгем кесір тілігі мен босаныпты, балаларға жеңгеме қарайтын адам керек екен. Ал өзі жұмыста. Әжемнің амалы жоқ. Біз оны қанша қимасақта жібердік. Анам болса жылап қала берді. Әжем әрине оларға бала қарау, тірлік істеу үшін керек. Әжем кеткен соң үй қаңырап бос қалғандай. Оны қазірден сағына бастадым.

Жалғасы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу