17.03.2023
  721


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 3 бөлім

Анам амал жоқ, бізді жалғыз тастап, жұмысқа кетті. Ақша табу керек. Ішерге ас, киерге киім табу керек. Әкемнен алимент те өндіре алмайды. Тоқал болып тиген аты болмаса әйелімен ажыраспаған, ЗАГС те жоқ. Мүмкін Алла Тағаланың сынағы болар. Бірақ мұнша сынаққа іленердей өткен өмірімізде жамандық жасап қойдық па, деп қынжылатын кездер де болды. Не де болса бәрін уақыт емдер.

Әжемнің егіп кеткен егістігінен қызанақ қияр алып, картоп сәбіздермен анамыз келерде жақсылап тамақ жасап қоятынбыз. Анам мәз болып, ''қыздарым өмір қалыпты ғой, ақылдыларым'' деп, мақтап отыратын. Иә... Үйде жалғыз болған соң, барлығына да үйреністік. Тірлікке де, тамаққа да пысық болдық. Әжемнің үйретіп кеткен мәзірлерін кезек кезек жасап жүрдік. Мен момын әрі, тым ашық едім. Барлығымен тез тіл табысып кететінмін. Бірақ кейбір қырсық мінездерім бар. Ал сіңілім болса тірлікке менен бетер пысық, өте кірпияз әрі, қыңыр болды. Екеуміз мүлде бөлек адам болдық. Түріміз ұқсағанымен жанымыз бөлек адамбыз.

Арада 6 айдай уақыт өтті. Барлығы жақсы болып келеді. Анам біраз ақша жинап, бұл жерден жақын арада көшіп, жаңа өмір бастаймыз деді. Сіңілім екеуміз бұл жаңалыққа қатты қуандық. Басқа жерге барып, жаңа ортада, жаңа адамдар мен танысып, жаңа өмір сүреміз. Бұл біз үшін үлкен бақыт болды.

Алайда бір күндері арманымыздың күл талқаны шығарын кім білген. Анам түнгі ауысымға түсіп, үйде сіңілім екеуміз қалдық. Күндегідей өзімізге азын аулақ кешкі ас жасап, тамақтанып алдық та ұйқыға жаттық. Түн ортасында есікті біреу қақты. Алдымен анам келген шығар деп, атып тұрып, есікке ұмтылдық. Бірақ есіктің арғы бетіндегі "ашыңдар'' деген ер адамның дауысын естіп қорқып кеттік.
Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу