17.03.2023
  146


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 6 бөлім

Бардым да сіңілімнің қасына жата қалдым. Басқа шарам жоқ. Анамның түрін көрмек түгілі қасына бару қорқынышты. Келіп көрпені бүркеніп жатырмын. Анамның жайлап жанымызға келе жатқаны байқалды. Денем дірілдеп кетті. Өмірімде бірінші рет анамнан қорқып жатырмын. Жанымызға келді де, құшақтап алды. "Жандарым менің" деді, күрмелген тілдерімен. Аузынан арақтың иісі қатты шықты. Енді түсінікті болды. Соншама іше берудің не қажеті бар осы?! Арақ осы неге адамдарды тартады екен? Не құдіреті бар өзінің?! Көп ойландым, бір жағы мына арақтың иісі жиіркендіріп барады. Алайда өз анам ғой. Біраз шыдайын.... Солай менде анам да ұйықтап қалыппыз.

Таң атты. Сіңілім оянып: "Анам келіпті ғой"... Тыныштал деп , оны басып, ұйықтай берсін, дедім. Анамның жүдеп, 3-4 сағаттың ішінде әбіржіп кеткенін сіңілім де байқап отырып көзінен жас шығып кетті. Оған қосылып мен де жыладым. Анам болса түк білместен ұйықтап жатыр.

Анам бұл жүрісі ұзаққа созылды. Әкемнің ішуі былай тұрсын енді анамызды да таппай қалып жүрдік. Жан-жақтағы адамдар бізге жанашырлық пен қарайтын болды. Маған бұл көзқарас ұнамады. Себебі, бізді "ТІРІ ЖЕТІМ" дейтіндер көбейді. Кейбіреулер тіпті "ӘКЕСІ ҚАРАМАҒАН, ШЕШЕСІ ЖАЛАМАҒАН" деп, келемеждеп кететін болды. Мұндай сұмдықты іште сақтап әрең жүрмін. Тіпті Құдайға налитын да болдым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу