17.03.2023
  148


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 7 бөлім

Бұл жәйсыз жаңалық нағашы әжемнің құлағына жетіпті. Түңіліп үлгермедікте әжем кешкісін үйге жетті. Біздің жайымызды көріп жылап жіберді. Тезірек айналаны реттеп, дүкеннен азық - түлік әкеліп, жақсылап тамақ жасап берді. Әжемнің келгеніне сіңілім екеуміз қатты қуандық. Тамақтанып алып, көңіліміз жайланып, кешкісін әжеміздің ертегісін тыңдап, қорқынышсыз уайымсыз ұйықтадық.

Анамның жоқ болғанына 2 аптадан асты. Әжем біздің жанымызда. Әжемнің айтуы бойынша келіні мен баласы оның зейнетақысы үшін ғана және балаларын қарау үшін тұрғызып жүр екен. Бір айдағы зейнетақысын бермей қойған екен. Келіні айқай шығарып ол жақта да біраз жанжал болыпты. Барлығы тынышталды ма дегенде Ұзынқұлақтар "қызың алқаш" дегенді жеткізді. Одан балама да келіні ме де қарамай сендерге жеттім. Әлі кішкентайсыңдарғой. Жағдайларың не болып жатыр екен деп, уайымдап келдім. Мен ойлағаннан да бетер екен. Сендерді көріп шошып кеттім, деді әжем қынжылып...

Әжем күнде есіктің алдында отырып, көшеге шығып анамды күтіп жүр. Бізде оны уайымдап жүрміз. Сағынып та жүрміз. Бізге керек кезінде әжем қасымызда болды. Құдай біздің қиналғанымызды көріп шыдамаған да болар. Әжемді бізге көмекке жіберді...

Кеш болып қалды. Әжем үшеуміз кешкі асымызды ішіп, біраз әңгімелстікте ұйықтауға жаттық. Түнде тағы да есік тықырлады. Сіңілім ұйықтап қалған, әжем екеуміз дереу тұрдық. Есікке қарай барып едік, келген анам екен. Анам әжемді көрген бетте құшақтап, еңкілдеп жылай бастады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу