17.03.2023
  162


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 8 бөлім

Біраздан соң анам есін жинап, әжем екеуі отырып сөйлесті. Біраз сөйлесті. Алдында болған жағдайларды әжеме айтып берді. Содан соң соңында тағы да бір жаңалық айтты. Анам алқаш әкемнен тағы да көтеріп қойыпты. Соны білген соң не істерін білмей қаңғырып кетіпті. Анамның жылап тұрып айтқан сөзі "анашым білесің бе? Мен бұл баланы түсіп қалсын деп, неше түрлі нәрсе жасадым. Неге түсіп қалмайды?"

Әжем анамды тыныштандырып, "бұл саған берген тағы бір мүмкіндік. Алланың бергенінен бастартуға болмайды. Әр бала өз несібесі мен. Не де болса бұны босанасың. Мен сендердің жандарыңда боламын." деді...

Әжем айтқанындай үнемі жанымыздан табылып, анам босанғанда да, жанында болды. Біздің енді кіп-кішкентай ініміз бар. Әжемнің зейнетақысымен жалғыз басты ана ретінде жөргекпұлымен, ай сайынғы алатын ақшасына туралап, еңсеміз көтеріліп қалғандай болды. Тфай тфай, ініміз ауырмай сырқамай өсіп келеді. Сіңілім екеумізде мектепке қалмай барып, барынша сабаққа ден қоюға тырыстық.

Көп ұзамай хабар келді. Әкеміз бұрынғы әйеліне қайта қосылыпты. Оны естіген анамнің сәл көңіл күйі түскендей болды. Бірақ бізге білдірткен жоқ. "Олай болса, "алимент өндірудің уақыты келді'' деді, анам. Інімізді әжеме тастап, сол кезден бастап, бәріміздің болашағымыз үшін анам сотқа жүгіріп, әкемнің артынан іс қозғауды өтінді. Төрт айдай уақыт өтті. Қандай жағдай болмасын анам соттан жеңіп шықты. Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу