17.03.2023
  176


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 10 бөлім

Бізді анам үйге шақырып онымен таныстырды. Басында қобалжыдым. Алайда кейіннен оның сөйлеп, қалжыңдасып жатқанын көріп, оған қарай тартыла бастадық. Ол жігіт анамды таңдаған соң, өз туыстарынан түбегейлі бас тартыпты. Ешқандай туыстарымен араласпайды. Біз туралы көп білмейтін адамдарға оны нағашы ағамыз деп таныстыруға тура келді. Өйткені өмірден көп қиындық көріп жүдеген анам оның жанында әпкесіндей болып тұр. Ал ол жігіт өте жас. Олар тіпті некелерін де қидырып, ЗАГС алған. Ал біз ол туралы енді естіп тұрмыз.

Көп ұзамай анам екінші ұлын дүниеге алып келді. Тұратын жері жоқ болған соң анам мен ол жігіт әжем барлығы бір үйде тұрып жатыр. Сіңілім екеуміз өз теңімізді тауып, тұрмысқа шықтық. Мен алдымен кеттім. Сіңілім бір жарым жылдан соң, біраз жұмыс істеп барып тұрмыс құрды. Екеумізді де келісіммен алып қашты. Себебі ұзатуға үйде жағдай жоқ. Мен алыс жаққа кеттім. Ал сіңілім ауылға жақын маңда тұрады. Менің екі ұлым ал сіңілімнің бір қыз бір ұлы бар.

Анама тек қана бақыт тілеймін. Енді жыламаса бізде бақыттымыз. Ал әжем біздің қуанышымызға жасай берсе деймін. Ол да аз қиналмады. Біз үшін алып ұшып, уайымдап жүрді.

Иә... Өмір бізді қатты сынады. Шүкір қазір бақыттымын. Күйеуім өте керемет адам. Барлық жағдайымды жасап отыр. Кейде анама да көмектесіп тұрамыз. Оған тек бір өтінішпен тұрмысқа шықтым. Маған өткенімді есіме салмаса болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу