16.03.2023
  351


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ажал тұзағы - 3 бөлім

Әжемнің анама деген өкпесі қара қазандай. Тіпті анам мен бір дастархан басына отырып ас ішпейтін күйге жетті. Әжем анамның дайындаған тамағын жемей қырсығып әбден ашықты. Анам да алған бетінен қайтар емес. Екеуі бір —біріне ерегісіп жүрді.« Осының барлығына сендер кінәлісіңдер» дегендей анам келіншегім екеумізге мінез көрсетіп жүрді. Анамның бұлай қыңыр мінез көрсеткенін алғаш көруім. Анам түк істемей қойды. Таңертең үйден шығып кеткен күйі күн батқанша үйге келмеді. Әжем анама өкпелі болғанымен анам үшін алаңдап есік күзетіп әрі де бері жүріп мазасыз күй кешті. Анам үшін бәріміз де алаңдадық. Күн батқанда анам есіктен кіріп келгенде оны көріп бәріміз де таңданып қалдық. Қырық жыл бойы шешпеген орамалы шешіліп шашын боятып, үстіне әдемі көйлек киіп анам кіріп келді. Қолында дорба-дорба базарлығы бар. Әжемнің екі көзі шарасынан шығып кете жаздады.
- Назира, бұл сенбісің? Мына түрің не? Масқара...
- Иә, мен. Түріме не болыпты?
- Жалаңбас жүргенің не? Ұят емес пе? Сенің есің ауысайын деген екен..
- Есім ауысқан жоқ. Керісінше ес кіре бастады. Осы күнге дейін ұлым үшін, сіз үшін өмір сүрдім. Қатарымнан қалып еш бір қызық көрмей келемін. Ал оның ақысына не алдым? Бейнетімнің өтеуі қайда? Балам бір қатынның құшағында кетті. Ал сіз болсаңыз сол келіннің бір жеріне кіріп кетердей жүрсіз. Бұдан былай тек өзім үшін өмір сүремін.Өз шығындарыңды өздерің төлеңдер. Төле свет, газ, судың ақшасын.
Анам бұл сөздерді маған қарап тұрып ашулана айтты. Олай дейтін де жөні бар. Әжемнің зейнет ақысы өзінің баратын жерінен артылмайды. Өлімі бар, тойы бар кейде тіпті жетпей қалатын кездері де болады. Ал мен болсам әр жұмыстың басын түртіп жүріп ақша тауып қатырмайтынмын. Әжемнің сол кездегі ашуға мінген түрін әлі күнге дейін ұмыта алмаймын.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу