16.03.2023
  145


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ажал тұзағы - 6 бөлім

Әйелімнің айтқан сөзінің жаны бар. Менде балам мен әйелімді жетектеп серуендеп жүргім келеді. Бірақ әжем бізді ешқайда шығармайды.
Батырханның тісі жарып ауырып жүрген кезі. Түні бойы дене қызуы көтеріліп Әсемге ұйқы бермей шырылдап жүреді. Күндіз әжем өзі қарап жағдайын жасап отыратын. Бір-неше күн бойы ұйқы көрмеген әйелімнің жүйкесі жұқарып ашуға бұлығып жүрді. Әжем еш уақытта без уақыт намазын қалдырмайтын. Әжем намаз оқып жатқанда Әсем ұлымыздың қыңыр мінезіне төзе алмай құйрығынан бір-екі салып жіберді. Мұны көрген әжем құлшылығын тастай сала Әсемге қарай бас сала айқайлады.
- Баланы ұруға қалай дәтің барады? Қолың сыңғыр.
- Өз баламды ұрсам не болыпты?
- Ол аздай маған қарай айқайлап тұрсың ба? Көргенсіз десе...
- Жетер енді.. Біз сіздің айтқаныңызбен жүріп тұратын кішкентай бала емеспіз. Сіздің дегеніңізге бағынатын құл емеспін. Тірі адаммын. Әкеңіз бері баламды.
Әсем бар мінезін көрсетіп балам екеуінің киім-кешегін жинап үйіне кетіп қалды.
Кімнің жағына шығарымды білмей үнсіз тұрдым. Әжемнің ең осал тұсы ол немересі екенін бәріміз де білеміз. Әжем маған жақындап үнсіз тұрды да сөйлеуге дәті жетпей үнсіз тұрды. Адамдарға таңқаламын. Елдің бәріне өсек керек. Осындайға ағайын туыстар келгіштеп кетті.
Бәріне де әжем әйелімді жамандап әлек.
- Осы күнге дейін түк істемей келді. Қолынан бір іс келмейді. Қазіргі жастардың бәрі жалқау. Тамағының дәм-тұзы болмайды.
- Ондай келінді қайтесіз? Бар бәле сонымен кетсін.
Әжемнің бұл сөздеріне ызам келді. Оны осындай еткен өзі емес пе? Ұрпағымды көбейтсін деп өзі басына шығарып алды емес пе? Ендеше неге елдің бәріне оны қаралап жатыр? Ашудан жарылардай болып жүрмін. Түн ортасында көшеге шығып Әсемге қоңырау шалдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу