16.03.2023
  139


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сүйгенімді тастап сор болдым - 2 бөлім

Үйге барар жолда жігітім хабарласып:
-- Қалайсың? Жолығайықшы. Айтар маңызды әңгімем бар.
-- Шүкір жақсы өзің қалайсың? Айта берсеңші, мен ауылға бара жатырмын. Екі күн сонда боламын. Жолыға алмаймыз.
-- Маңызды әңгімем бар еді. Бір екі сағатқа қала тұрмайсың ба?
-- Ренжімеші, үйдегілерге бара жатырмын деп айтып қойдым.
-- Жарайды, деді де тұтқаны қоя салды.

Мен аса мән бермедім. Себебі, жігітім Нұрболат көп нәрсеге ренжи бермейтін. Мені жақсы түсінетін еді. Үйге де келдім. Ата -анамды бауырларымды көріп қатты қуандым. Мәре-сәре болып, ойнап күлдік. Анамның ыстық құшағын, әкемнің мейірімін қатты сағынып қалыппын. Қаланың күйбең тіршілігінен ауылдың таза ауасы, салқын лебі күшті ғой шіркін. Ауылым мен ата анамды сағынысып келген уақытта, үйге белгісіз қонақтар келді. Оларды бұрын көрген сияқтымын. Жүздері таныс. Ия олар осы ауылымыздың адамдары. Бірақ әдеміленіп киініп, жасанып, таранып алған. Әкем:
--Келіңіздер, қалайсыздар, тойға бара жатқандай жасанып алыпсыздарғой. Кел отырыңыздар..
Қонақтар сәлемдесіп, отырып нан ауыз тиді. Көкейлерінде бір нәрсе жасырынып тұрғандай. Сөйлейін десе бір біріне қарап ыңғайсызданып отыр.
Әкем тағы да:
-- Ореке(Орынбай) неге бір түрлі болып отырсыздар? Күнде көріп жүрген адамбыз. Бұлай абдырап не көрінді?

Қонақтардың алды болып келген Орынбай ата сөзді бастады:
-- Сіздерге келіп отырған себебімізді айтайын. Нақты өзіміз дұрыс жеткізе алмай отырмыз. Нақтырақ айтқандай біз сіздің тұңғыш қызыңызды айттыра келдік. "Қызды кім сұрамайды" дейді ғой. Алдын ала кешірім сұраймын. Бірақ қонақтың алды болып өзім келдім. Бұл келген себебімізді дұрысынан түсінгейсіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу