16.03.2023
  153


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сүйгенімді тастап сор болдым - 6 бөлім

Енем:
-- Тоқтай тұр қызым, саған асықпай түсіндірейін. Өтінем біраз сабырға келші.

Ойланатында мұршам болмады. Жәймендеп отырдым да, енемнің айтқандарын тыңдай бастадым.

-- Осыдан 26 жыл бұрын бір қыздан соң дүниеге егіз ұл бала алып келдім. Қуанышымда шек жоқ болды. Қатты бақытты болдым. Жүрегім алып ұшып, бақыттан басым айналып жүрді. Екеуі де ақылды әрі алғыр болды.Тіл алғыш болды. Шақалақ кездерінен шошақай мазасыз болмады. Моп момақан болып жата беруші еді. Түрлері өте сүйкімді болатын. Жандарына жақындаған адам еш кете алмайтын. Сүйсініп отыратын. Өсе келе біреуі момын қалпында қалды, ал екіншісінде белгісіз мінездер пайда бола бастады. Екеуінде екі түрлі мінез енді қалыптасып жатқан шығар деп аса қатты мән бермедік.

Ақыр соңында мектеп бітірер шақта, бір балам көп адамдармен төбелесіп жынданып, бір күні мені де соққыға жықты. Өзімен өзі айқайлап, ащы дауысы жер жаратын. Оның не болғаны әбден емін іздеп дал болдық. Апармаған емшіміз қалмады. Тіптен аурухана жағалап кеттік. Ташкентке де барып келдік. Бірақ түк шықпады. Оған қойылған нақты диагоноз психикалық ауытқу. Миында кемістік бар деді. Ал емшілердің біраз ішінде жын бар деп әсірелеп жіберді. Ақыр аяғында бір емшінің таптық. Оған барғанымызда "балаңыз егер үйленсе сонда ғана ауруынан айығады'' деді.

Біз оған Құдайдай сендік. Керекті емдомын жасап, ақыры қыз іздеуге кірістік. Бірақ сенімен сөйлессе бірден жаман қылық жасайтынын біліп, оның сыңары арқылы сенімен сөйлестірдік. Сыңары Самат осыдан 6 жыл бұрын өз теңін тауып үйленді. Қазір екі баласы бар. Сенімен сөйлестіргені келіншегіне оңайға соқпады. Сен бізді түсінерсің деген үміттемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу