16.03.2023
  158


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сүйгенімді тастап сор болдым - 8 бөлім

Қатты жүдеп кеттім. Әр жерім бір ауырып, жағдайым да болмай кетті. Ақыры болмаған соң енем ауруханаға апарды. Сөйтсек ішімде әлгі жындының баласы бар екен. Оны естіген бетте қатты көңіл күйім түсті. Мұндай адамнан бала көтеремін деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Оны босансам ертең ол қандай болады екен. Ол балада жынды болмасына кім кепіл? Тұқымдарында болса ше? Енді не болатыны бір Аллаға ғана аян.

Бұндай жағдайларды басымнан өткеріп жүрсем де Нұрболатқа хабарласып жүрдім. Оған әбден хабарласып, достарынан туыстарынан ақыры жағдайын білдім. Маған хабарлама жазған уақытта құрылыста жұмыс жасап жүрген ол телефонымен бірге бесінші этаждан құлап кетіпті. Ес түссіз комада 4 ай бойы жатқан екен. Одан соң емделіп, қазір үйде дәрігердің қарауында жатқан көрінеді. Ол менің бар жағдайымды біледі. Түндерде оған телефон шалып сөйлесетін болдым. Жынды күйеуімнің түнімен айтатын сөздерін олда естіп жататын. Мұндай жағдайды басымнан өткеріп жатқаныма қатты қапалы болды. Ол толық айықпаған, сол себепті ешнәрсе жасай алмаймын, кешір деп менен кешірім сұрады. Сол кезде мұндай жағдай болмағанда мүмкін мына жынды мен емес, Нұрболатым мен бір шаңырақ астында жүрер едім. Өмірдің осындай сынақтары адамды жүдетіп жібереді. Нұрболат тіпті менің аяғымның ауыр екенінде біледі. Тағдырдың жазуы ғой, деп екеумізде күрсініп қоямыз.

Тоғыз ай 10 күн дегенде дүниеге ұл бала алып келдім. Бауыр етім баламды көріп, жабырқаған көңілім оттай басылды. Ана болу деген ерекше сезім екен. Тұла бойым тұңғышым, жүрегімнің жарасын емдеп жазар ма екенсің?! Балапаным менің... Ауруханадан шығып, әрі қарай бір түрлі өміріме аяқ баса бердім. Күндер зулап, айлар сырғып, жылдар өтіп жатты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу